Қызылордада соқтығысқан екі көлік өртеніп кетті

29 Қазан 2022, 23:13 6039

Оқиғадан қаза болғандар және зардап шеккендер жо

Қызылорда облысында көше бойында соқтығысқан екі көлік толығымен жанып кетті, деп хабарлайды El.kz.

Оқиға 29 қазан күні сағат 10.40-та Шиелі кентіндегі Жолдасбеков және Ергешбаев көшелерінің қиылысында болған. Көше бойында соқтығысқан екі көлік те өртке оранды.

«Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен 5 қызметкер 1 техникамен барды. Cоқтығысу салдарынан «Audi 100» және «Daewoo Nexia» көліктері толығымен жанып кетті. Өрт сөндірілді. Оқиғадан қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

EL.KZ
Бөлісу: