Қызылордада сексуалды құлдықта болған оқушы ісі: депутат пікір білдірді

24 Қазан, 12:45 459

Бұрынғы ішкі істер министрі, бүгінде Сенат депутаты Марат Қожаев Қызылордада сексуалдық құлдықта болған оқушының ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайлы El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат кінәлілер тиісті жазасын алатынын айтып сендірді.

Бұл жайттың мән-жайын жан-жақты біліп, оның себептерін анықтап алмай, қорытынды шығаруға ерте. Сот барлық факторды зерттеп болған соң, нақты құқықтық баға беріледі, сол кезде ақиқатты білеміз, - деді Қожаев.

Сонымен қатар сенатор қаскөйлердің жазадан құтылып кетпейтінін де алға тартты.

30 жылдық еңбек өтілі бар тергеушімін. Мұндай жағдайлар менің жұмыс тәжірибемде де көп болған. Қоғамда резонанс тудырмай-ақ ақ әділетті және объективті шешімдер қабылданып жатыр. Жұрттың назарына ілікпеген талай іс бойынша да қаншама қылмыскер өз жазасын өтеп жатыр, - деді депутат.

Ол сотта әлеуметтік желідегі у-шу емес, процессуалдық дәлелдер ескерілетінін қоса кетті. Дәлел болған жағдайда, кінәлі адам жазасын алады деп отыр.

Қоғамда кінәлілер жазадан құтылып кетеді деген қорқыныш жоқ, сіздер, тілшілер, түрлі ақпарат тарату арқылы жағдайды ушықтырасыздар. Меніңше, халқымыздың басым бөлігі құқықтық жүйемізге сенеді, - деді Марат Қожаев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: