Қызылордада сауда орталығының жанындағы дәмханада өрт болды

12 Тамыз, 09:06 431

Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Қызылорда қаласында сауда орталықтарының біріне жапсарлас салынған аспаздықта 24 шаршы метр алаңда өрт шықты.

ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіру барысында 3 газ баллонын, 3 металл бөшке мен 1 оттегі баллонын шығарып, олардың жоғары температураның әсерінен жарылуына жол бермеді. Өрт жойылды, зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: