Қызылордада сабаққа қатыспайтын студенттерге шәкіртақы аударылған

22 Сәуір 2023, 12:17 748

Қызылордадағы колледждердің бірінде сабаққа қатыспаған студенттерге 17,4 млн теңге шәкіртақы аударған директор жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура Қызылорда қаласындағы колледждердің бірінде сабаққа қатыспаған және семестр қорытындысы бойынша қанағаттанарлық баға алған студенттерге заңсыз шәкіртақы аудару дерегін анықтады.

Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сараптама қорытындысы бойынша келтірілген залал 17,4 млн теңгені құрады. Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен колледж директоры ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабында (немқұрайлылық) көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, келтірілген залал толық өтелді. Облыстық прокуратура тарапынан бюджет қаражатын игеру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады, - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

EL.KZ
Бөлісу: