Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолының жалпы ұзындығы 412 шақырымды құрайды. Оның ішінде 204 шақырым Қызылорда облысына, ал 208 шақырым Ұлытау облысына қарасты. Бұл күре жолда соңғы құрылыс жұмыстары осыдан 40 жыл бұрын жасалған, деп хабарлайды QazAvtoJol-ға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Тас жолдың Қызылорда облысына тиесілі телімін қайта жаңарту жұмыстары 6 учаскеге бөлінген, 5 учаскеде жұмыстар жүргізіулде. Бүгінде жолшылар км 24-127 учаскесінде құнарлы жер қабатын алу, айналма жолдарды салу, жабынды терең қопсыту және қолданыстағы жол жабынын алу жұмыстарын жүргізуде. Ал км 127-216 учаскесінде айналма жолмен көлік қозғалысын қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. Бұл автожолдағы жұмыстар кезең-кезеңмен 2022 жылы басталған.
Қызылорда облысына қарасты автожол учаскесіндегі қайта жаңарту жұмыстарының толық аяқталу мерзімі – 2025 жылдың соңы. Жоба аясында асфальтбетон жабыны бар, 2 жолақты автожолды пайдалануға тапсыру көзделген. Сондай-ақ, су өткізу құбырлары мен малөткелдер де орнатылады.
«Қызылорда-Жезқазған» автожолының Ұлытау облысына тиесілі учаскесін қайта жаңарту жұмыстары 2024 жылдың екінші жартысында басталады.
Қызылорда облысындағы «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту үшін 427 арнайы жол техникасы мен 517 жолшы жұмыс жасайды. Оның ішінде 459 адам - жергілікті мамандар.
Оқи отырыңыз: