Қызылордада құлдықта болған қыздың үйі күзетке алынды

16 Тамыз, 08:34 550

Қызылордада 16 жасар қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Бойжеткен ақпан айынан бастап құлдықта болған. Бұл іске сыныптастарының қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Қазір кәмелет жасына толмаған күдіктілер қамауға алынып, олардың ата-анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ал жәбірленген қыздың үйін полиция тәулік бойы күзетіп тұр.

Зардап шеккен қызбен психолог жұмыс істеп жатыр. Медициналық тексеру жұмыстары жүргізілді. Анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты. Сол себепті дәрігерлердің үйге келіп ем-дом шараларын жүргізуі туралы келістік. Ата-анасы қазір кез келген көмекті сұрап жүгіне алады. Бұл ретте тергеудің толықтығын қамтамасыз ету және көмекті ұйымдастыру үшін қажеттінің барлығын біз және облыстағы өкіліміз атқарып жатыр, - дейді ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.

Перизат Саденова
Бөлісу: