03.08.2023
10:31
1452
Қызылордада полиция қызметкерін пышақтап кетті

Қызылордада полиция қызметкерін пышақтап кетті

Қызылорда қаласында полиция қызметкерін пышақтап кетті. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде жазылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Деректі облыстық Полиция департаменті растады. Оқиға қаланың Титов мөлтек ауданында болған.

Оқи отырыңыз:

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы 2-бөлігінің 6-тармағымен қылмыстық іс тіркелді. Онда адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қолсұғушылық жағдайы көрсетілген. Бұған байланысты жан-жақты және объективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талабына сәйкес, тергеудің өзге деректері жария етуге жатпайды, - деп мәлім етті ведомстводан.