24.10.2024
20:01
10518

Қызылордада өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Бүгін Қызылорда қаласы Махамбет ауылында шаруашылық құрылыс өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барлау барысында өрт сөндірушілер өртке оранған құрылыстан 2 газ баллонын тауып алды. Ыстық әрі қысымның жоғарылауына байланысты деформацияға ұшыраған баллондар суытылып, қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрт кәсіби өрт сөндірушілермен даму кезеңінде сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.