Қызылордада министр Қанат Шарлапаевтың жеке қабылдауы өтті

30 Қараша 2024, 18:08 468

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеке қабылдауға «КомфортKZ 1» ЖШС, «CTSolutions» ЖШС және облыстағы құрылыс компаниялары басшылары қатысты.

Қатысушылар офтейк келісім-шарттарын жасасу, лицензия алу, автокөліктерді өндіру және әзірленген технология бойынша сынақтар өткізуге қолдау көрсету мәселелері бойынша жүгінді. 

Қанат Шарлапаев әрбір азаматтың сауалын тыңдап, жан-жақты жауап берді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: