Қызылордада мешітте ұйықтап жатқан наиб-имамның телефонын ұрлаған тұрғын ұсталды

25 Шілде 2023, 17:18 1952

Қызылордада мешітте ұйықтап жатқан наиб-имамның телефонын ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, Ә. есімді азамат Шиелі аудандық орталық мешіт ішінен ұйықтап жатқан наиб имамның телефонын жасырын жымқырып кеткен. Сол үшін полиция қызметкерлерімен ұсталып, пробация қызметінің есебіне алынды.

Оқи отырыңыз:

Шиелі аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен оны кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекті атқаруды міндеттеді.

Қазіргі таңда қылмыскер жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.

Кент әкімдігі айқындаған орындарда күніне төрт сағаттан мәжбүрлі еңбегімді атқарып жүрмін. Бұның өзі маған берілген бір мүмкіндік отбасымның қасындамын, бас бостандығым өзімде, ендігі кезекте соттың жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындап, пробация қызметінің қойған заңды талаптарына бағынып, жазамды адал өтеп, болашақ ұрпағыма жақсы тәрбие қалдыруым керек, – деді есептегі азамат.


Равиль Ашығали
Бөлісу: