Қызылордада күріштің өнімділігі 52 ц/га-дан асты

Кеше, 21:03 186

Қызылорда облысында биыл күріштің жоғары өнімділігі байқалады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 189 мың гектарға егілді, оның 85,6 мың гектары күріш алып жатыр. 

Бүгінгі таңда 50,3 мың га күріш дақылдары жиналды, 42,7 мың га бастырылды.Орташа өнімділік 52 ц / га-дан асты. 

Ағымдағы жылы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында шаруашылықтар барлық агротехнологияларды сақтай отырып, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды.

Зарина Арман
Бөлісу: