Қызылордалық диқандар қамбаға 500 мың тоннадан астам астық құйды. Жалпы 193 мың гектар алқапқа дән сепкен егіншілер орта есеппен әр гектардан 66 центнерден өнім жинап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде қырманды астыққа толтырған күрішші, агроном, сушылар жер-жерде ауыл күнін атап өтіп жатыр. Еңбеккерлер ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Өңір шаруалары қазақ күресінен белдесу сайысын өткізіп, өзара мықтыны анықтады. Арқан тартысып, тоғызқұмалақ ойнаған диқандар шағын футболдан да шеберлік байқасты.
«Алтын күз» мерекесі аяқталған соң егіншілер топырақ тыңайту жұмыстарына кіріседі.