Қызылордада кене шаққан адам қайтыс болды

5 Шілде 2023, 23:08 1122

Қызылорда облысында кене шаққан адам қайтыс болды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғын Конго-Қырым қанды безгегінен тіл тартпай кеткен.

Шиелі ауданында тұратын 51 жастағы азамат дене қызуы көтеріліп, Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыр жағдайда жатқызылған.

Науқаста іш өту, құсу, бұлшық еттері мен басының ауыруы, бүкіл денесіне гемморрагиялық бөртпе, иньекция орындарында гематома, көгерулер байқалған. Науқаста айқын интоксикация, бұлшық етке салынған иньекция орындарында көгеру, геморрагиялық бөртпе, жгут симптомы болған. Осыған байланысты науқас дереу оқшауланды. Оған «Конго-Қырым қанды безгегі, ықтималды жағдай» диагнозы қойылды. Науқастың сиыр сойғаны және денесінен 3 кене алынғаны анықталды. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, науқастың жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болды, - делінген Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Жыл басынан бері облыста Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығуы ықтимал 23 науқас тіркелгені белгілі болды.

Перизат Саденова
Бөлісу: