29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚызылордалық полицейлер канал жағасына егілген екі есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
31 тамыз күні “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылына қарасты Елтай каналының жағасында екі есірткі алқабын анықтады. Бірінші алқаптан 33 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны 106 түп сора өсімдігіне ұқсас өсімдікті егіп баптағаны үшін ұсталды. Екінші алқапта 35 түп сора өсімдігіне ұқсас өсімдік еккен 53 жастағы сол ауданның тұрғыны құрықталды. Бұдан бөлек бұл алқапта 16 калибрлі аңшы мылтығы анықталды, - делінген Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада.
106 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес, 43 келі 200 грамм, ал 35 түп сораның салмағы 17 келі 440 грамм болып шықты. Бұл оқиғалар бойынша ұсталған күдіктілер аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау бөліміне қамалды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек