10.08.2023
13:16
1651
Қызылордада кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 201 жасөспірім тапсырылған

Қызылордада кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 201 жасөспірім тапсырылған

Қызылорда облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 201 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қалалық ПБ-ның ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың  алдын-алу  мақсатында  түнгі уақытта рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.

Атап айтқанда, ІІО-ға қадағалаусыз жүрген әртүрлі құқық бұзушылық деректері бойынша соңғы 7 айда 3227 әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 201 жасөспірім тапсырылған.

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 50 азаматқа сот құзырымен әкімшілік шаралар қолданылды.