29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
7 тамыз күні Қызылордалық полицейлер “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қаратөбе ауданынан алты шақырым жерде ірі есірткі алқабын анықтады. Оқиға орнында Жаңақорған ауданының 65-53 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Жедел тергеу тобы тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің 52 түбін анықтады.
Полицейлер ірі есірткі алқабынан ұсталғандардың жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: насос, палатка, мотор, шланга, күрек, кетпен тәркіледі. Сонымен қатар 52 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес 10 келі 936 грамм болып шықты.
Күдікті азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚР-ның 300-бабы 2-бөлігіне (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек