Қызылордада есірткі сақтаған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қызылорда қаласы ПБ Ақсай полиция бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Құқық тәртіп” іс-шарасы барысында түнгі уақытта қала аумағында дүкеннің жанынан күдік тудырған азаматты тоқтатқан.
Полиция қызметкерлері 21 жастағы азаматты тексеру барысында одан газет қиындысына оралған жасыл түсті затты анықтады. Сараптама қорытындысымен алынған зат кептірілген марихуана екені белгілі болды.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тергеу басталды.