Қызылордада екі бала балконнан құлап кетті

13 Мамыр, 09:32 2633

Қызылордада екі бала балконнан құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Алты жастағы ұл мен жеті жастағы қыз бала үлкендердің қарауынсыз қалып, үшінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап кеткен. Қазір олар түрлі жарақатпен қалалық ауруханада жатыр. Балалардың жағдайы туралы басқа ақпарат жоқ.

Құтқарушылар балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды ескертеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: