7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Қызылордада дүкеннен қайырымдылық жәшігін ұрлаған төрт күдікті анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласы полиция басқармасына 15 тамыз күні 35 жастағы қала тұрғыны белгісіз азаматтардың дүкен ішіне кіріп, 9 жасар бүлдіршіннің еміне қойылған қайырымдылық жәшігін ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған.
Оқиға 14 тамыз күні сағат 15:00 шамасында болған. Қаладағы дүкендердің бірінен белгісіз төрт азамат өзара сөз байласу арқылы қайырымдылық жәшігін ұрлап кетіп, 40 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Тексеру барысында күдіктілер қаражатты өз пайдаларына жаратқандығы белгілі болды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дүкен ішіндегі бейне бақылау камерасы арқылы қайырымдылық жәшігін қолды қылған төрт азамат құрықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?