Қызылордада бақташы 9 млн теңгенің малын ұрлап, сатып жіберген

18 Қыркүйек 2023, 15:50 786

Қызылорда облысында бақташы құны 9 млн теңге болатын 21 түйені ұрлап, сатып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдың көктемінде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ауыл шаруашылық мекемесінің басшысы 53 түйесін жергілікті бақташыға сеніп тапсырған. Уақыт өте малын санағанда едәуір бөлігі жоқ болып шыққан. Аудандық полиция бөліміне арызданған ол 21 түйесінің жоғалғанын айтты.

Тексеру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері бұл жайтқа бақташының қатысы бар екенін анықтады. Қылмысқа күдіктелген бақташы малдардың көп бөлігін иемденіп, сойып, етін сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы, жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 9 миллион теңгеден асты.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: