29.06.2023
10:00
1295
Қызылордада аумағы 292 шаршы метр болатын жазғы кафе өртенді

Қызылордада аумағы 292 шаршы метр болатын жазғы кафе өртенді

Қызылорда қаласында кафенің жаздық алаңы өртеніп кетті. Оның жалпы аумағы 292 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 28 маусымда сағат 15:00 шамасында болды. Облыс орталығындағы Ә. Бөкейханов көшесінде орналасқан «Тамсан» кафесінің ауданы 292 шаршы метрлік жазғы алаңы өртенді.

Өрт 15:31-де оқшауланған, 15:50-де толығымен өшірілген. Тілсіз жаудан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда, - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 425 шаршы метрді құрайтын караоке клуб отқа оранды.