Қызылордада 27 оқушы уланып қалды

4 Қазан, 17:04 655
Қызылорадада 27 оқушы уланып, бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі көпбейінді облыстық балалар ауруханасына сілтеме жасап.
Оқушылардың неден уланғанын білмейміз, бірақ 27 оқушының жеткізілгені рас. Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр, балалар естерін біледі, тамақ іше алады. Қазіргі күні емделіп жатыр, 3-4 күнде үйлеріне шығарылады, - деді Қызылорда облыстық көпбейінді облыстық балалар ауруханасының мамандары.
Қызылорда қаласындағы орта мектепте бұрыш спрейі баллонын қолдану дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр, - дейді облыстық полиция департаменті.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: