26.11.2024
07:29
919
Қызылордада 2 млн теңге пара алған полиция қызметкері ұсталды

Қызылордада 2 млн теңге пара алған полиция қызметкері ұсталды

Әлеуметтік желіде Қызылорда әуежайында Қызылорда полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы 2 млн теңге пара алғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен жеке қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды, – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Антикор АШМ комитет басшысы пара алған сәтті көрсетті.