Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікке сатып жіберді деген күдікке ілінді

8 Тамыз, 14:58 947

Қызылорда облысында 16 жастағы оқушы қызды сыныптастары мен туыстары жезөкшелікке сатып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Дина Таңсәріге сілтеме жасап. 

«НеМолчи»  қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, жасөспірім отбасының жалғыз қызы. Ол жоғалып кеткен соң ата-анасы полиция мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау инспекторы мен қылмыстық іздестіру бөліміне арыз түсірген. Алайда құқық қорғау органдары қызды іздемеген. Керісінше ата-анасын қорқытып, ата-ана құқығынан айырамыз деген екен. Құқық қорғау органдарының қорқытуына тап болған ата-ана қызын өздері іздеуге кіріскен.

Қыз ара-тұра ата-анасына видеоқоңыраумен хабарласып, кафеде даяшы немесе гүл сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтінін айтқан. Әкесі мен шешесі қызына барғанда, ол полиция қызметкерлерінің жай ғана видеоға түсіріп, кетіп қалғанын жеткізген. Қызы ата-анасына шу шықпас үшін өзін өтірік айтуға мәжбүрлегенін айтқан, – дейді Дина Таңсәрі. 

Дина Таңсәрінің сөзінше, сыныптастары қызға ата-анасын өлтіретінін айтып қорқытқан.

Әкең мен шешең ата-ана құқығынан айырылады деп қорқытып, масқаралауға тырысқан. Тіпті сыныптастары Астанада таныстары барын, ата-анасын өлтіретінін айтып шошытқан. Қыз ата-анасы үшін уайымдаған, себебі ол адамдар шын мәнінде қауіпті екенін білген. Олар есірткі тұтынып, жасөспірімді зорлаған. Қыздың ата-анасының айтуынша, барлық мұғалімдер мен мектеп директоры бұл жағдайдан хабардар болған. Тіпті учаскелік полиция қызметкері біле тұра, қыздың анасы мен әкесін қорқытқан. Олар қыздан қомақты ақша сұраған. Таппаса шашын мен қасын қырып тастайтынын айтқан. Егер өзінде ақша жоқ болса, достарынан сұрауды талап еткен. Соңында қыз шыдай алмай ата-анасынан көмек сұраған, – дейді қор жетекшісі. 

Олар қызды азаптап, мефедрон алуға мәжбүрлеп, тұншықтырған. Жезөкшелікпен айналысатын әйелдер сайтына тіркеп, жезөкшелікке мәжбүрлеп, ақшасын алып отырған

Полиция аталған дерек бойынша күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: