18.02.2023
20:45
1469
Қызылорда тұрғынынан 26 киіктің еті тәркіленді

Қызылорда тұрғынынан 26 киіктің еті тәркіленді

Қызылорда тұрғынынан 26 киіктің еті тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және Арал аудандық ПБ мен «Охотзоопром ӨБ» РМҚК бірлескен жедел – іздестіру жұмыстары нәтижесінде 37 жастағы аудан тұрғынының үй ауласындағы сарайынан 26 киіктің денесі анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігімен «Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау» сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалып жатыр.