Қызылорда тұрғынын алдап соққан күдікті ұсталды

22 Қазан 2022, 14:27 720

Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді

Қызылордада ҰБТ-дан 130 бал алып беремін деп тұрғынды алдап соққан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды  El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді.

Қызылорда қаласы ПБ Тасбөгет полиция бөліміне 25 жастағы облыс тұрғыны арызданған болатын.

Белгілі болғандай, осы жылдың мамыр айында күдікті жәбірленушіге ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деп сеніміне кіріп алдап, екі миллион теңге қаражатын иемденген. Қызылордалық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

47 жастағы күдікті азаматшаға жалған ақпарат беріп, алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Бөлісу: