29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚызылорда облысында тұрғынның ауласынан 22 келіге жуық есірткі тәркіленіп, жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылордалық полицейлер “Қарасора – 2023” және “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сырдария ауданы, Бесарық ауылы тұрғынының мал қорасынан ірі есірткі алқабын анықтап, күдіктіні ұстаған.
Жедел-тергеу тобымен тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің 35 түбі анықталды. Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек, ұсталған азаматтың жеке заттарын, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: шланга, күрек, кетпен тәркілеген. Сараптама қорытындысына сәйкес, 35 түп сораның жалпы салмағы 22 келіге жуық болып шыққан.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2–бөлігіне (Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек