04.08.2024
20:39
810
Қызылорда облысының құтқарушылары оттың таралуына жол бермеді

Қызылорда облысының құтқарушылары оттың таралуына жол бермеді

Бүгін Қызылорда қаласында жеке тұрғын үйдің аумағында шаруашылық құрылыс орнынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ күштері 30 шаршы метр алаңда өртті толығымен сөндіріп, жақын тұрған құрылыстарға оттың таралуына жол берген жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өрт туындаған жағдайда - 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.