15.12.2022
05:25
2257
Қызылорда облысындағы жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды

Қызылорда облысындағы жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Тереңөзек-Қызылорда тасжолының 60/31 шақырымында КамАЗ бен бензовоз көліктері жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан 4 адам қайтыс болып, бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильді басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.