Қызылорда облысында журналистер мінген әкімдік көлігі апатқа ұшырады

15 Қаңтар, 13:25 1436

Бүгін түске қарай Жаңақорған ауданының Құттықожа ауылына бара жатқан жолда облыс әкімдігінің тойота «Hice» автокөлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі paparaci.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік ішінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Жаңақорған ауданына сапарын ақпараттандыруға аттанған бір топ БАҚ өкілдері болған. Журналистер мінген көлік әкімнен бұрын келесі нысанға жету үшін асығып, жолдан тайып кеткен, - делінген ақпаратта.

Абырой болғанда, адамдар аман. Түрлі дене жарақатын алғандар бар.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: