17.05.2023
10:06
1702
Қызылорда облысында жүк пойызының локомотиві өртенді

Қызылорда облысында жүк пойызының локомотиві өртенді

Қызылорда облысы аумағында жүк пойызының локомотиві өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы өрттің себебін анықтап жатыр.

Осы жылдың 16 мамырында сағат 15:40-та Қызылорда-Жосалы учаскесінде жүк пойызының локомотиві кабинадан шыққан өртке байланысты тоқтады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт аудандық өртке қарсы қызмет күшімен жедел түрде өшірілді, - деп атап өтеді «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметінен.

Компания мәліметінше, оқиға орнына қосалқы локомотив жіберілген.