Қызылорда облысында жүк автокөлігі өртенді

24 Тамыз, 09:33 351

Қызылорда облысында жүк автокөлігі өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін түнде Жаңақорған ауданы Жаңақорған кетінде орын алды.

ТЖМ өрт сөндірушілерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жүк көліктегі өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: