Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

29 Маусым 2023, 14:24 741

Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмып, тағы төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында Шымкент-Самара тас жолында Chevrolet Lanos және Lexus ЕS300 автокөліктерінің соқтығысу салдарынан орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жол апаты салдарынан 3 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: