Қызылорда облысында жоғалған екі адам табылды

Қызылорда облысында жоғалған екі адам табылды

Қызылорда облысында екі адам автокөлікпен шығып кетіп оралмаған, деп хабарлаған El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 23 наурызда сағат 19:38-де Қызылорда облысы Жосалы кентінен 100 шақырым жерде жеңіл автокөлікпен кеткен 2 адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Іздеу жүргізу нәтижесінде 24 наурыз күні түнгі сағат 1:05-те Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 100 шақырым жерде 1989 және 1994 жылы туған 2 азамат табылды.