Қызылорда облысында жаңа спорт кешені ашылды

29 Тамыз 2023, 16:01 1254

Қызылорда облысы Ақсуат ауылдық округі Маханбетов ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Жаңа нысанның ауданы 1504 шаршы метрді құрайды.  Спорт кешені – салауатты өмір салты секцияларын ұйымдастыруға және спорт шараларын өткізуге арналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұнда волейбол, шағын футбол, баскетбол алаңдары жабдықталған және де теннис корты, күрес алаңы, екі жолақты жүгіру жолы бар. Ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.


«Samruk-Kazyna Trust» 

Көпсалалы спорт кешенін Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының «№5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ қарамағына беру жоспарланып отыр екен. Кешенді салу мен жабдықтау бюджеті 239 миллион теңгені құрайды.


«Samruk-Kazyna Trust» 

Қасиетті Сыр өңірінде тұрғындар жыл бойы спортпен шұғылданатын тағы бір еңселі спорт нысаны пайда болды. Президенттің тапсырмасы бойынша облыста спорттық инфрақұрылым дамып келеді, - деп атап өтті облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

EL.KZ
Бөлісу: