Қызылорда облысында шенеуніктер 543 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

18 Сәуір 2023, 09:20 1491

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жаңақорған аудандық Білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есепшоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде, - делінген мәліметте.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

EL.KZ
Бөлісу: