Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды

8 Қаңтар 2023, 14:15 1249

Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

6 қаңтар күні сағат 15:00-де Қызылорда облысы ПД Арал АПБ-нің 102 арнасына белгісіз біреу аудан орталығындағы сауда үйіне әйнек есігін сындырып кіріп, сөредегі ақшаны ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.

Аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті 17 жастағы аудан тұрғынын ұстады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 144-бабының 2-бөлігінің тәртібіне орай кәмелетке толмағанға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. 

EL.KZ
Бөлісу: