20.04.2024
21:12
1075
Қызылорда облысында қойма өртенді

Қызылорда облысында қойма өртенді

Қызылорда облысында өрт сөндірушілер қоймаларды шарпыған өртті жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Қызылорда қаласындағы Суриков көшесінде жеке тұрған бір қабатты қойма үй-жайында өрт болды.

Арнайы техникадан және екі шаруашылық ғимаратта жиналған дөңгелектер жанып кетті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 200 шаршы метр аумақта жойылды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.