26.07.2023
11:16
1295
Қызылорда облысында қой бағып жүрген азамат каналға батып кетті

Қызылорда облысында қой бағып жүрген азамат каналға батып кетті

Қызылорда облысы Арал ауданында қой бағып жүрген 44 жастағы азамат каналға суға кетіп қаза болды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
 
Төтенше жағдайлар қызметіне 25 шілдеде сағат 17:28-де Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылында тұратын азаматтың суға кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқи отырыңыз:

1979 жылғы азамат қой бағып жүріп, "Жарма" суармалы каналына суға түсіп, батып кеткен. Ауыл тұрғындарының көмегімен жансыз денесі табылып, судан шығарылды, - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері облыста 22 адам суға кетсе, оның 6-ы бала.