24.12.2022
22:15
1782
Қызылорда облысында қайғылы жол апаты орын алды

Қызылорда облысында қайғылы жол апаты орын алды

Қызылорда облысында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.  

24 желтоқсан күні сағат 10:50 шамасында Самара - Шымкент тас жолының 1270-ші шақырымында (Арал ауданы) жол-көлік оқиғасы орын алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша Lexus автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.