Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті қысқы кезеңде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Мұз-2024" профилактикалық акциясын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акция аясында Сырдария өзенінің су тасқынына қауіпті учаскелерінде мониторинг жүргізілуде. Бұл жұмыстар су тасқынының алдын алу мақсатында қолға алынған.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оқу-жаттығу ұшуы барысында "Еврокоптер" және "МИ-8" тікұшақтары, сондай-ақ квадроциклдер мен қарда жүретін көліктер сияқты жоғары өтімділік техникасы жұмылдырылды.