Қызылорда облысында күріш жинау басталды

18 Тамыз, 15:16 545

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егін жинау науқанын бастау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара Қызылорда облысында өткен республикалық семинар-кеңес аясында өтті. Айдарбек Сапаров өңірдің күріш өндірісінде тарихи көшбасшы болып табылатынын атап өтті.

Биылғы жылы Үкімет егіс және егін жинау науқанын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық мәселелерін шешті.

Алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру көлемі 580 млрд. теңгені құрап, жылдық “таза” 5% бен берілді. 334 млрд.теңге игерілді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: