Қызылорда облысындағы жол апатына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды. ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.
Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.