Қызылорда облысында бірнеше пәтерді тонаған ұры ұсталды

9 Қазан, 15:44 881

Қызылорда облысында пәтер тонауды кәсіп еткен ұры ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер жедел шара барысында тұрғындардың үйіне ұрлыққа түскен әккі ұрыны қолға түсірді. Қызылорда облысы Қазалы ауданының бірнеше тұрғыны полиция бөліміне арызданып, үйіндегі заттары жоғалғанын айтқан. Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді арнайы бұрағышпен күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды алып кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ауданның 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар дәлелдеме ретінде алынды.

Қазіргі уақытта полицейлер пәтер ұрысының облыс көлемінде жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: