Қызылорда облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған

28 Қыркүйек 2023, 00:20 737

Қызылорда облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалык іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі сақтаған ауыл тұрғынын ұстады.

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының және Жалағаш аудандық полиция бөлімі кызметкерлері бірлескен іс-шаралар барысында 25 қыркүйек күні Жалағаш ауданы Аққұм ауылының тұрғынынан есірткі затын анықтаған.

Қылмысқа күдіктелген азамат өз үйінің ауласында тұрған автокөлігінің жүргізуші орындығында екі қағаз қиындысына оралған жасыл түсті, өзіне тән хош иісі бар есірткіге ұқсас кептірілген белгісіз шөп тектес зат сақтаған. Сонымен катар тексеру барысында үйдің ауласында орналаскан екі сарайдан 8 целлофанға және пластмассалы құтыға салынған есірткі заттары заттай дәлелдеме ретінде алынды. Күдікті азамат уакытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

Перизат Саденова
Бөлісу: