30.11.2025
13:13
427
Қызылорда облысында 30-дан аса шетел азаматы жолда қалып қойды

Қызылорда облысында 30-дан аса шетел азаматы жолда қалып қойды

ТЖМ құтқарушылары 34 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бүгін 112 пультіне Қызылорда облысы Арал ауданы аумағындағы «Қарабұтак–Қызылорда–Шымкент» автожолының 73-шақырымында шетел азаматтары мінген автобус сынып қалғаны жөнінде хабарлама түскен.

Автобустың ішінде 34 адам болған. Жолаушылар Ресей Федерациясынан Сарыағаш қаласына бет алған, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары шұғыл жетіп, барлық 34 адамды Арал қаласына жақын орналасқан жылыту пунктіне эвакуациялады.