Қарағанды облысындағы ұлттық парк аумағында орнатылған фототұзаққа Қазақстан даласының сирек мекендеушісі — Қызыл кітапқа енгізілген арқар түсіп қалды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Кадрларды "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық паркінің "Белодымовский" филиалы жариялады.
Суретте арқар табиғат аясында еркін тұрғандай, бұл жердің нағыз иесіндей көрінеді, – делінген жазбада.