Астанада 27 тамызға ауған түні төбелес болып, салдарынан екі қыз жарақат алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы зардап шеккендердің бірі әлеуметтік желіде хабарлады.
Дарья есімді бойжеткен мен оның Виктория есімді құрбысы соққыға жығылған. Ал оқиғаға қызғаныш себеп болған.
Мені және құрбымды Татьяна деген бейтаныс әйел соққыға жықты. Алдымен Викторияға тап беріп, оның басын жарды. Бұрыштан шығып келе жатып қан-жоса болған құрбым көрдім. Жүгіріп барып Татьянаны итеріп жіберіп едім, ол сосын өзіме тап берді, - деп жазды бойжеткен Instagram-да.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шабуылдаған әйел ұшы жоқ затпен ұрған көрінеді. Алдымен басынан, сонан соң Дарьяның көзінен ұрған.
Полиция шақырсақ, бізді өлтіретінін айтты, - деп қосты бойжеткен.