Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Астанада әйелдер арасында қызғаныштан төбелес шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
27 тамызда Бейбітшілік көшесі, 26 үйде әйел адам екі бойжеткенге шабуыл жасаған: бірінің бетінен таспен ұрған және ол есін жоғалтқан.
Белгілі болғандай, екі жас қыз үйдің кіреберісінде көршісін (ер адам) кездестіріп қалған. Ол қыздардан досына хабарласып, шақырып беруін өтінген. Ер адамның досы келген кезде онымен бірге тұратын әйел төбелес шығарған.
Зардап шегушілердің айтуынша, әйел тыйым салынған зат (есірткі) пайдаланған. Шабуылдаушы әйел екі қызды полицияға хабарласса, оларға есірткі салып, ұстатып жіберетінін айтып, қорқытқан.
Елордалық полиция департаментінде «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары