Қызға шабуылдаған Алматы тұрғыны ұсталды

28 Тамыз 2023, 12:39 804

28 тамызда әлеуметтік желіде Алматы қаласында ер адам қызға шабуылдады деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Оқиға Алмалы ауданында болған. Қалалық полиция департаменті бұған жауап берді.

Алмалы ауданында тұрғындар қыздың айқайлаған дауысын естіген. Сол жерге келгенде, ер адамды байқаған. Ол тез киініп, қашуға тырысқан. Тіпті, киімін теріс киіп алған.

Алматы қалалық полиция Департаменті, бұл дерек Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімімен тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Айыпталушы жауапқа тартылды. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, - деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: